Қалалық қоғамдық-саяси газет

Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі мүмкін

0 557

УЕФА президентінің пікірінше, 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі керек. «2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтетініне сенімдімін. Бұл өтінім өте ұтымды саналады. Біз аталған екі мемлекетке көмектесу үшін барлығын істейміз. Екі ел де футболмен өмір сүреді және инфрақұрылымы жақсы дамыған», – деді Чеферин. Айта кетелік, 2022 жылдың маусымында Испания мен Португалия бірлесіп, футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс тастаған болатын. Сондай-ақ, әлем чемпионатын қабылдауға Аргентина, Парагвай, Уругвай және Чили өтінім берген. Испания 1982 жылғы әлем чемпионатын қабылдаса, Португалия 2004 жылғы Еуропа біріншілігін өткізді. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтеді. Ал 2026 жылғы доп додасын АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.