Қалалық қоғамдық-саяси газет

Футбол ойынында 127 адам қаза тапты

0 693

 Ойыннан өрт шықты. Малангқаласындағы «Канджурухан» стадионында футбол ойынынанкейін жанкүйерлер қақтығысып, 127 адамқазатапты. Оның ішінде әйелдер мен балалар да бар.

1 қазан күні Индонезия чемпионатында  «Арема» және «Парсебайя» командалары кездескен болатын. Ойын екінші команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталған.  Алайда финалдық ысқырықтан кейін «Ареманың» жанкүйерлері ашуланып, алаңға  қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастайды. Нәтижесінде қысылып аяқтың астында тапталған  127 адам көз жұмып отыр.  180-ге жуық адам ауруханаға түскен.

Қазір қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүруде. Лига матчтары уақытша тоқтатылған.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.