Қалалық қоғамдық-саяси газет

Фотоаппарат объективінде – көрікті көне Тараз

0 312
Жамбыл облысының 85 жылдығына және қала күні мерекесіне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында «Тараз көркі!» атты фото байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, байқау жүлдегерлеріне ізгі тілегін жеткізді.
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото өнері арқылы насихаттап, жаңарып, көркейген шаһарды көпшілікке жаңа қырынан танытуды мақсат еткен байқауда 15 қатысушы өз туындыларын ұсынды.
Солардың ішінен 7 үміткер үздік деп танылды.
Айталық, байқау нәтижесі бойынша Тоқташ Арнат Саматұлы «Үздік репортаж», Нысанбай Даурен Орынбекұлы «Фото минимализм», Қамшыбек Ислам Болатбекұлы «Қас қағым сәт» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ Каленова Ұлжан Медербекқызы «Қас қағым сәт» номинациясы, Дядык Максим Андреевич «Үздік қала пейзажы» номинациясы, Өрнек Мерей «Мөлдір табиғат» аталымдарына қол жеткізіп, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.