Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Folk&art» фестивалі – бірлік пен өнердің үндестігі

0 42

Тараз қаласындағы «Март» сауда орталығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «FOLK&ART» халықтық және заманауи өнер фестивалі өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея жастары және қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік кешті жүргізген «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Қалижан Саркеев пен «Студенттік Ассамблея» өкілі Самира Боркеева іс-шараның ашылуында жиналған қауымды Алғыс айту күнімен құттықтады. Бұл мерекенің қоғамдағы татулық пен өзара құрметті нығайтудағы маңызын атап өтті.
Концерттік бағдарлама ұлттық және заманауи өнердің үйлесімді сабақтастығымен ерекшеленді. Сахнада «Zaman dance» би ансамблі қазақ және заманауи билерін ұсынса, «Әулие-Ата» қазақ этномәдени бірлестігінің күйшісі Нұрғали Жәнібекұлы «Ерке сылқым» күйін орындады. Қарашай-Балқар этномәдени бірлестігінің «Деймох стайл» би ансамблі «Бүркіт» және «Лезгинка» билерін биледі. Сондай-ақ облыстық «Коре» кәрістер этномәдени бірлестігінің NMove би ансамблі K-pop бағытын сахнаға шығарды.
Фестиваль соңында мекеме бишісі Альфия Сағындықтың жетекшілігімен ұйымдастырылған флешмоб мерекелік кештің көркін қыздырды.
Жалпы жиын барысындағы түрлі этнос өкілдерінің өнері бір сахнада тоғысуы, еліміздегі татулық пен мәдени әртүрліліктің айқын көрінісін көрсетті.
Достықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастар шығармашылығын қолдауды көздеген жиын, қатысушылардың естелік суретке түсуімен түйінделді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.