Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Етегіңіз қысқара бастапты»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне сын айтқан оқырманына жауап берді

0 867

Жұлдыз Әбдікәрімова өнердегі құрбыларымен киноға барды. Әншінің жары қысқа көйлекпен көзге түсті. Жұлдыз ханым өзіне айтылған оқырман сынына жауап берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұлдыз Әбдікәрімова Әлия Әнуарбек, Мөлдір Мұқанова, Ләйлә Сұлтанқызы, Құралай Анарбековамен бірге киноға барды. Желі қолданушылары актрисаның киімін сынап, енді бірі мақтап әлек.

“Етегіңіз қысқарып барады екен, Жұлдыз”, “Көйлегіңіз қысқа емес пе?”, “Қайрат қайда?”– деп жазды желі қолданушысы.

Бұл сөз Жұлдыз ханымның ашуына тиіп кетті.

“Құдай-ай, жоқ жерден өзіңіз айтып, өзіңіз ренжіп қалдыңыз ба? Тілім ащы болып жеке басыңызға өткенім жоқ. Қызықсыздар осы. Мен сізге бірдеңе дедім бе?”, – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушыларының енді бірі керісінше жақсы пікір қалдырды.

“Несі қысқарған? Әп-әдемі. Елге жағу қиын тегі. Өзіне жарасып тұр”, “Өзіне күшті жарасады, сендерде киіңдер. Әдемі, ақылды Жұлдыз”, “Жұлдыз сен әдемісің, тәрбиелі анасың, қыздарыңада сондай тәрбие береді деп сенемін”, “Жұлдыз керемет жансыз. Бар жақсыға лайықтысыз”, “Құдай-ау, не киеді, не ішеді, қандай шаруаңыз бар. Адамдардың іші пыса бастаған сияқты. Көргіңіз келмесе пікір жазып не керек”, “Жұлдыздың көйлегі жарасып-ақ тұр, несі бар анау айтқандай қысқа емес етігімен білінбейді”, “Елдің сөзің қыстырма. Адамдарға жағу мүмкін емес. Өздері сен сияқты жүре алмайды. Жүрген адамды көре алмайтың іші тар қазағым-ай”, – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.