Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ескі әуен ойнаса да, қазақ қыздары жаңа Әнұранды өздері орындап шықты – видео

0 336

Гандболдан Испанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны орындалды. Бірақ Қазақстанның гандболдан қыздар құрамасы қазіргі Әнұранды («Менің Қазақстаным» сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Әні: Ш.Қалдаяқов – ред.) орындап шықты. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

Әлем чемпионатында Қазақстанның қыздар құрамасы жеңіске жетті. Бірақ салтанатты шарада Қазақстанның бұрынғы Әнұраны ойнатылды. Соған қарамастан, спортшы қыздар жаңа Әнұранды өздері айтып шықты.

Айта кетейік, Қазақстан Иран командасын 31:25 есебінен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін де халықаралық жарыста үзілген Әнұранды жалғастырып айтып шыққан қыздар жөнінде жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.