Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есірткіге қарсы күрес қарқын алды

0 1  146

Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүниежүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Бұған жамбылдық полицейлер де үлес қосуда.

Айталық, облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 439 есірткі қылмысы дерегін анықтады. Оның ішінде 98-і есірткі өткізу, 47-сі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 3-і есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау, 7-і есірткі құралдарын контрабандалау және 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру деректері. Осының нәтижесінде 393 түп есірткі өсімдігі жойылғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 2 тонна, 237 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 2 тонна 179 келі марихуана, 53 келіден астам гашиш, 13 грам героин, 884 келі апиын, 61 грам каннабис шайыры және 4 келі 467 г синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Басқарма қызметкерлері бекітілген кесте бойынша құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп орта оқу орындарының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 421 түрлі іс-шара өткізді. Оның ішінде 189 дәріс, 44 кездесу, 27 семинар, 34 дөңгелек үстел, 22 спорттық іс-шара, 21 конкурс, 46 басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда есірткіге қарсы сипаттағы бейнефильмдер, слайдтар көрсетілді. Сонымен қоса психобелсенді заттарға тәуелділіктің алдын алу және емдеу бойынша қосымша материалдармен танысу мақсатында 38 акция ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 1 мау-сымынан бастап «Қарасора-2022» республикалық кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы қарқын алды. Аталған іс-шараны жүргізу барысында ағымдағы жылғы қыркүйек айының 3-і мен 13-і күні аралығында облыс бойынша 216 есірткі құқық бұзушылығы дерегі, оның ішінде 88 есірткі қылмысы және 128 қылмыстық теріс қылық фактісі, оның ішінде 50 есірткіні өткізу, 21 аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау, 1 есірткі заттарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау деректері анықталды. Бұдан бөлек, есірткі заттары контрабандасының 4 дерегі және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 12 дерегі тіркелді. Анықталған аумақтарда 84 түп есірткі өсімдігі түп тамырымен жойылды.

Тағы бір айта кетерлігі, заңсыз айналымнан 1 тонна 161 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1 тонна 148 келі марихуана, 12 келіден астам гашиш, 10 грамм героин, 884 грамм 12 милиграмм апиын, 74 грамм канабис шайыры, сондай-ақ 33 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыстың 212 гектар аумағында жүргізілген «Қарасор-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 107 тонна 930 келі жабайы сора шабу және өртеу арқылы жойылды. Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы кезінде басқарма қызметкерлері бекітілген кесте бойынша тағы да құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, орта оқу орындарының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 155 түрлі іс-шаралар өткізді. Оның ішінде 75 дәріс, 15 кездесу, 9 семинар, 12 есірткіге қарсы сипаттағы бейнефильмдер, слайдтар көрсету жүзеге асырылған дөңгелек үстелдер, 6 спорттық іс-шара, 12 акция және 15 өзге де іс-шаралар. Сондай-ақ оқушылар үшін кинологиялық қызмет орталығында қызметтік-іздестіру иттерін көрсетумен экскурсиялар ұйымдастырылып, кинотеатрларда есірткіге қарсы сипаттағы фильмдер көрсетілді.

Нашақорлық індетінің кеселі қоғамға өзінің кесірін аз тигізбей тұр. Бұл дертпен «ауырған» адамның баратын жері түрме екені белгілі. Бірақ соған жетпей қылмыстық әрекеттер жасап, қоршаған ортаға, адамдарға залалын тигізуде. Сондықтан есірткіге қарсы үздіксіз жүргізіле береді.

Дінмұхамбет Қойториев, облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.