Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Есіктерді ашсам, ол асылып тұратын секілді қорықтым»: Әйелі Берік Тұрсынбековтің күйзеліске түсіп кеткен кезін айтты

0 942

Қарлығаш Ахметова жолдасы Берік Тұрсынбековтің ауыр сыннан өткенін айтады. Жары өнер адамдарының күйзеліске түсуі өте қиын деп өкінеді. Алайда одан шығар жол бар.

Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтьна сілтеме жасап хабарлайды.

Берік Тұрсынбеков бұған дейін бір сұхбатында өзінің күйзеліске түсіп кеткенін айтқан еді. Алайда оған нақты не себеп болғанын айтқан жоқ. Тіпті асылып өлуге дейін жеткінін айтты. Актердің жары оның өз қорқынышын қалай жеңгенін айтып берді.

“Бекең өзі де сұхбатына айтты күйзеліске түскенін. Оның не үшін ондай күйге жеткенін білмеймін. Бізге айтпады. Көпшілік Күлпаш деп мазақтады. Үлкен кісілердің өзі Күлпәш деп айқайлап күлетін. Сол кезде ренжиді. “Ол менің кейіпкерім. Неге мазақ етеді?” дейтін. “Не себепті үлкен кісілердің өзі, балам, інім, бауырым деудің орнына мазақ етіп тұр” дейтін. Маған да ел Кәтәлөк деп күледі. Мен оған ренжімеймін. Сен солай қабылда деймін. Бірақ ол ер адам болған соң ренжіген шығар. Сол әсер етті ме, білмеймін. Әйтеуір, біртүрлі болып кетті. Қатты қиналды. Тіпті есіктерді ашуға қорқып қалдым. Шкафтың есігін ашсам, ар жағында Берік тұратын секілді. Менде фобия қалып қалды. Оны жоғалтып алатын секілді қорықтым. Сондай күндерден өттік. Бекең намаз оқыды. Солай сүйікті жұмысына қайта келді. Адамды қиындықтан құтқаратын сүйікті жұмысы ғой. Бекең де солай жұмысына қайта оралды”, –дейді актриса.

Қарлығаш Ахметова бала күнінде еркекшора болып өскенін айтады. Тіпті үй шаруасын емес, даланың жұмысын істеп өскен. 

“Менің әпкелерім, сіңлілерім болды. Олар үй шаруасына қарайды. Мен даланың жұмысын істеймін. Әкемнің қасында жүремін. Көмір кіргіземін. Ауланы сыпырамын. Ауыр жұмыстарды істеймін. Бала секілді болдым. Қызға ұқсаған жоқпын. Анам пойызды аралап тамақ сататын. Сауда жасайтын. Анамның жүгін көтеріп, бірге сауда жасадым. Елдің бәрімен ұрысатынмын. Еркек секілді төбелесетінмін. Анам маған таңғалатын. Қалай әйел боласың деп таңғалушы еді”, – дейді ол.

Айтуынша, бала күнінен актриса болуды армандаған. Сол арманы жетелеп өнер жолына келген екен.

“Бала күнімде журналистерге сұхбат беремін. Сахнада тұрғандай актриса болып ойнаймын. Соның бәрі әсер етті ме, кейін де осы өнер жолына келдім. Бала күнімде қияли болатынмын”, – дейді актриса.

Ахметова қазіргі қарттар үйі мен балалар үйін неліктен қоспайды екен деген тілегін айтты.

“Қарттар үйін қанша қаламасақ та, ол бізде бар. Балалар үйі де бар. Неге билік басындағылар қарттар үйі мен балалар үйін қоспайды екен? Сонда бала ата-әженің тәрбиесін, ақылын тыңдап өсер еді. Мейірім алатын еді. Қатігез болмас еді. Ал ата-әжелер немере сүйгендей мауқын басып, ермек қылар еді. Сол неге ешкімнің ойына келмеді екен?”, – дейді Қарлығаш ханым.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.