Күрес түрлерінен Тиранада (Албания) Олимпиада бағдарламасына енбейтін салмақтар бойынша Әлем чемпионатында Ержет Жарлықасын ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.
63 келіде өнер көрсеткен жамбылдық боз кілем шебері финалдық белдесуде Әзербайжан өкілі Нихат Захид Маммадлиге есе жіберді.
Ақтық сынға дейін 1/8 финал. Михал Трачты 9:0 есебімен еш мүмкіндік бермей жеңсе, 1/4 финалдада қарсыласы Стефан Рож Клеманды 10:0 есебімен тізе бүктірді, ал жартылай финалда бейтарап атлет Садык Лалаевты 8:0 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Ержет Жарлықасын биылғы жылы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған-ды.