Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

0 216

Бүгін Тараз қаласында Отан үшін от кешіп, ерлікпен қаза болған Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың  ерлік жасаған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай, сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Еске сала кетейік Ағәділ Сухамбаев 1941 жылы әскер қатарына шақыртылған. Ол 174-ші Қызыл тулы Борисовск атқыштар дивизиясының 628-ші Гродненск Қызыл Тулы полкінің 1-ші батальоны құрамында болған. Сұрапыл соғыста Беларусьті, Польшаны, Литваны азат ету үшін болған шайқастарда Ағәділ Сухамбаев өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен. Стжельцовизна деп аталатын поляк деревнясы үшін болған жойқын ұрыста Александр Матросовтың ерлігін қайталап, пулеметтен оқ шашқан дзоттың амбразурасын өз денесімен жауып, ерлікпен құрбан болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.