Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерлік білекте емес, жүректе

0 601

Осыдан он үш жыл бұрын қарашаның қара суығында Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапты. Бүгінде бейбіт күннің батырларын жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету дәстүрге айналған.

Осындай жиынның бірі Тараздағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев, Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы, полиция лейтенанты Гүлсара Мұхтарқұлова, Ғазиз Байтасовпен бірге қызмет атқарған әріптесі Тұрар Тоқсанбаев, Жамбыл облысы Полиция департаментінің ардагері Тілеубек Рахимов, Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейітхан Қуантаев, Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Заманбек Қылышбай, республикалық халықтық, елдік қоғамдық бірлестіктің мүшесі Әзімбек Тілешев, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.
Халық қаһарманын еске алуға арналған шара мектеп ауласындағы «Ерлікке тағзым» ескерткішіне гүл қоюдан басталды. Сонан соң «Ерлік білекте емес, жүректе» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Басқосуға жиналған қауым батырды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, Ғазиз Әбдібекұлының өмір жолы, атқарған қызметі, ерлігі туралы естеліктер айтылды.
Елінің амандығын ойлаған ердің есімі мәңгі ұмытылмасы хақ. Бүгінде оның өзі ортамызда жоқ болғанымен, оның террорлық зұлымдықпен күрес кезіндегі жасаған ерлігі мәңгілік халық жадында.

Сейітхан ҚУАНТАЕВ,
Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлер»
қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.