Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты шындықтың бетін ашты

0 393

Азамат Зенкаевпен айырылысқаннан кейін Ерке Есмаханның жеке өміріне қатысты түрлі қауесеттер тарауда. Көпшілік әншіні сахналық әріптесі Әміремен жұптастыруда. Есмахан елдің көңілін күпті еткен сауалға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

A.Z-мен дәм-тұзы жараспай, екіге кеткеннен кейін Ерке Есмахан өзінің туған күнінде Әміремен көзге түскен еді. Қос әншінің оңашада шай ішіп отырған сәті әлеуметтік желіде тарады. Көп ұзамай, Әміре мен Еркенің махаббат жайлы әні жарыққа шықты.

«Бірге» туындысын орындау барысында көпшілік екі өнерпаздың «махаббатына» сенді.

Ерке көпшілікті мазалаған сауалға Instagram-да жауап берді.

«Түсінгенім, ең басты сұрақ осы екен. Осыған жауап беріп, қоя қояйын.

Жігітім жоқ! Күйеуім жоқ! Сүйіктім, ұнататыным жоқ! Әміремен махаббат жоқ! Жоқ! Жоқ! Биыл дым жоқ», – деп мәлімдеді Есмахан.

Бұған дейін Әміре Еркемен өзін “не байланыстыратынын” айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.