Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еріктілердің еңбегі ерен

0 344

Қайырымдылық, қол ұшын созу, қиналғанда жәрдем беру – әлімсақтан бері қазақтың қанына сіңген қасиеттер. Бұл бүгінде заманның көшіне еріп, талабына сай түрленіп, еріктілер деген атауға ие болғандай. Бүгінде барлық салаға өз бетімен, ешбір қайтарым күтпей жұмыс істеуді қалайтындарға осы теңеу айтылады. Еріктілердің қатары да жыл өткен сайын артып келеді. Олар құқық қорғаушыларға да көмектесіп, тыныштықты күзетуге де атсалысуда. Жыл басынан бері полиция еріктілермен бірге кәмелетке толмаған 82 баланы табуы – жоғарыдағы сөзіміздің айғағы.

Ресми мәлімет бойынша ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс бойынша 121 үйден шығу тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға артық екен. Қуаныштысы, барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылған. Іздестіру кезеңінде балаларға қатысты не олардың қатысуымен жасалған қандай да бір қылмыстарды жасау деректері анықталмаған.
Балалардың үйден шығып кетуіне отбасындағы жанжал жағдайлары, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуының ұйымдастырылмауы, отбасылық қиындықтар және жасөспірімнің өзін қорғауға және бақылаудан шығуға басты себеп екен. Ал жасына байланысты көшеде ойнап, адасып, жоғалып кеткен, балалар кей кезде ата-аналарына айтпай, туыстарына немесе достарына кетіп қалатын жағдайлар да аз емес көрінеді. Сондай жағдайда еріктілер алғашқы болып көмекке ұмтылады.

– Менің жоғалғандарды іздеу тобымда шамамен 50 адам бар. Олардың барлығының тұрақты жұмысы бар. Бірі шаштараз, енді бірі сатушы, тағы бірі дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Олар соған қарамастан, қала мен облыстың барлық аудандарына аттанып, қиын уақытта көмек қолын созады. Жыл басынан бері полицейлермен бірге кәмелетке толмаған 82, ал соңғы айда 6 жасөспірім табылды. Мұндай сәттерде біз әрдайым қуанамыз. Мысалы, таяуда 12 жасар қызды іздедік. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол №5 ықшамауданда жоғалып кеткен екен. Ата-аналармен және полиция қызметкерлерімен бірге аумақты қарау кезінде бір бейнені қарадық. Ол болса іздеп жүргендерді аңғарып қалып, жолға түсіп, сол жерден жаяу жүргіншінің бойымен автобусқа секіріп мінді. Сол сәтте полиция автобусты тоқтатып, әлгі қыз құқық қорғау қызметкерлерімен әңгімелесуден кейін ата-анасына қайтарылды. Қазіргі таңда үйден жиі кетіп қалатындығы үшін оны арнайы мектепте білім алмақ, – дейді Тараз қаласы бойынша «Лидер.KZ» іздеу тобының жетекшісі Николай Чагай.

Еріктілердің еңбегін Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов та жоғары бағалайды.

– Біз ішкі істер органдары тарапынан еріктілердің еңбегін сан мәрте атап өттік. Мұндай бірлескен жұмысымыз халыққа жақын болуға көмектеседі. Олар бізбен бірге тек жоғалған азаматтарды ғана іздемейді, профилактикалық рейдтерге, әңгімелесулер мен дәрістерге қатысады. Енді алдағы уақытта құқық қорғау органдарының басқа да бағыттарында алдын алу жұмыстары жоспарлануда, – дейді полиция полковнигі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.