Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еревандағы жойқын жарылыс: Көз жұмғандар саны үшке жетіп, жарақат алғандар саны алпыстан асты

0 451

Ереванда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер «Сурмалу» сауда үйіндегі жарылыс орынын тазартып жатыр. Соңғы ақпараттарға сәйкес көз жұмғандар саны 3-ке жеткен. Тағы 61 адам жарақат алды. 19 адам жайлы дерек жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Арменияға сілтеме жасап. 

«Сурмалу» көтерме базарындағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалған.

«Жарылыстың себебі анықталған жоқ, бірақ екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр: тез өртенетін заттарды сақтау ережесін бұзу салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соғу» мен «өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соғу», – деді Арменияның бас прокуроры Гор Абрамян.

Қазіргі таңда тергеу тобы құрылған, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылданған.

Айта кетейік, Еревандағы сауда орталығында жарылыс болған еді. Оқиға орнына сегіз құтқару және жедел жәрдем көлігі келген. Өрт екінші деңгейлі деп танылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.