Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еревандағы жарылыс: Құрбандар саны 14-ке жетті

0 185

Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығындағы жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 14-ке жетті. Тағы 61 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 14 мәйіт табылды», – делінген Армения төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Әзірге 8 құрбанның жеке тұлғасы анықталмаған.

Ведомство өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, 911 құтқару қызметіне түскен қоңыраулар бойынша із-түссіз жоғалғандар саны 18-ге жетуі мүмкін. Олардың арасында ресейлік әйел мен Иран азаматы бар.

Айта кетейік, «Сурмалу» сауда орталығындағы жарылыс 14 тамызда күндіз болған. Ереван мэрииінің мәліметінше, пиротехникалық материалдар қоймасы жарылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.