Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерен еңбек еленген күн

0 380

Егемендік жылдары ел дамуына үлес қосқан азаматтардың саны қоғамның қай-қай саласында да көп. Жыл сайын Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ерен еңбегімен бұқараның зор ықыласына бөленіп жүрген азаматтарды марапаттау дәстүрге айналған-ды.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Биыл да дәстүр жалғасын тауып, өңір басшысы Асқар Мырзахметов өз саласында өңір дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 36 азаматты марапаттады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №207 Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Жамбыл облыстық азаматтық Альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Заитжан Юлдашев марапатталды. Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №41-8 шешіміне сәйкес «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағымен «Talas Investment Company» ЖШС басқарушы директоры, облыстық мәслихат депутаты Бақтияр Алдашов, денсаулық сақтау саласының ардагері Рабиға Дауылбаева, Еңбек ардагерлері Оңласын Есіркепов, Жәнібек Майханов, Қалтай Сәмбетов, Айдайбек Халимбетов, Қайрат Шотбақов, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жұматай Лаиков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашев, ТМД және ҚР Еңбек сіңірген энергетигі Виталий Цвит марапатталды.
Талай жылғы еңбектің жемісін көріп, құрметке бөленген азаматтарды құттықтаған ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев өңір басшылығына өзінің ыстық лебізін білдірді.
– Қазақ болымдылығымен, іскерлігімен, кең жүректілігімен айналасына өзін мойындатқан адамды азамат деп атайды. Бүгінгі құрметке ие болған әрбір жан азамат деген атқа әбден лайық. Өңірдің дамуына үлес қосқан замандастарымды, інілерімді мерекемен құттықтай отыра отбасыларына амандық пен береке тілеймін, – деді Әбдімомын Желдібаев.
Әрі қарай марапат легі ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен жалғасты. Бұл құрметке «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналды қазыналық кәсіпорнының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Махамбет Дүйсембаев ие болды. Сондай-ақ өкілді органның депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі және мәслихаттардың 25 жылдық мерейтойына орай ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, қалалық мәслихат депутаты, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның директоры Ләззат Қызылқұловамен бірге 8 бірдей азаматқа табыс етілді. ҚР Парламенті Сенаты төрағасының Алғыс хатымен 6 азамат марапатталса, «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «Үздік депутат» төсбелгісі «Мейірім» медициналық орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлдара Нұрымоваға бұйырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты қалалық мәслихат депутаттары – «Jambyl-Taraz» газеті редакциясы» ЖШС директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали мен Жамбыл аудандық электр жүйесінің басшысы Жұмабек Бөлекбаевқа және түрлі лауазымдағы 6 бірдей облыстық және аудандық мәслихат депутаттарына табыс етілді. Айта кету керек, барлық құрмет иелеріне лайықты марапатын Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов табыстады.
– Бүгінгі құрметтің барлығы ең асыл байлығымыз тәуелсіздіктің арқасында екенін ескерсек, 28 жыл ішінде өңірде 870 әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның әрбірінде сіздердің қосқан үлестеріңіз бар екенін ұмытпаған жөн. Желтоқсан айының соңғы онкүндігінде өңір халқы облыстың 80 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтпек. Атаулы мереке алдында мерейлеріңіз тасып, талай жылғы еңбектің жемісін көріп жатқан сәтке куә болып отырмыз. Бұл – баршамызға ортақ қуаныш,– деді Асқар Исабекұлы.
Құттықтау сөзден соң марапат иелері өңір басшысымен естелік суретке түсіп, ыстық лебіздерін білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.