Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ербол Қарашөкеев саяси партия филиалдарының басшыларымен кездесу өткізді

0 294

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев партиялардың өңірлік филиалдарының төрағаларымен кездесу өткізді.

Облыста саяси партиялардың 7 филиалы (111,2 мың партия) тіркелген, 40-қа жуық қалалық және аудандық филиалдары жұмыс істейді.

Кездесуге «Аманат» партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, «Қазақстан Халық партиясының» төрағасы Жанат Бастаубаева, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» филиал төрағасы Ержан Дәуренбеков, «Respublika» партиясы филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, «Байтақ» партиясы филиалы төрағасы Серік Қойбақов, «Ауыл» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Берікбол Мәндібаев, «Ақ жол» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Ахметжаев қатысты.

Аймақ басшысы партиялықтарды өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға және олардың орындалуын бақылауға шақырды.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау қолға алынатындығын атап өтті. Облыстық мәслихат сессиясында сайлау пилоттық режимде Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында өтеді деген шешім қабылданды, – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында қатысушылар экономиканың басым салаларын дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.