Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ербол Қарашөкеев меркілік зиялы қауыммен кездесті

0 56
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты талқылау мақсатында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңір басшысы жаңа Ата заң жобасының мәні мен мазмұнына, негізгі бағыттарына тоқталып, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиевтің өңір атынан Конституциялық комиссия құрамында ел тарихындағы аса маңызды миссияны абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтті.
Ербол Қарашөкеев жаңа Конституцияның адам мен ел дамуына бағытталғанын, онда адам құқықтары, қоғамдағы бірлік пен келісім, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығы, әділеттілік, заң үстемдігі және экология мәселелері Конституция деңгейінде бекітілгеніне назар аударды.
– Халқымыздың тарихында алтын әріптермен жазылатын саяси маңызды кезеңде Жамбыл жұртшылығы берекелі бірлігін көрсетеді деп сенемін. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен, белсенді атсалысуға шақырамын! – деп жиынды қорытындылады облыс әкімі.
Жиында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмахан Жантелиев пен ақын, жазушы, ауданның құрметті азаматы Шырын Мамасерікова Конституциялық реформа мен жаңа Ата заң жобасына қатысты өз ой-пікірлерін білдірді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.