Таразда белгілі театр және кино актері, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесін құттықтап, оның өңіріміз бен еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан елеулі еңбегін атап өтті.
Шара барысында аймақ басшысы тараздықтармен бірге «Абылай ханның ақырғы күндері» спектаклін тамашалады.
Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі басты рөлді сомдаған қойылымда қазақтың ірі тұлғасы – Абылай ханның ел басқарған жылдардағы ерлік істері мен аңсар-тілегі шебер суреттеледі.