Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ер азамат тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйітісін атып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

0 416

Египетте 29 жастағы ер азамат тұрмысқа шығуға келіспей қойған қызды  атып өлтіріп, одан соң өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сенбі күні 3 қыркүйекте болған. Қаскөй Ахмед Фатхи Амейра 19 жастағы Амани Абдул-Кәрім Әл-Газзарды аңдып, оған оқ жаудырды. Қызды өлтірердің алдында ол бейнежазба түсіріп, онда өзін қылмыскер деп атап, осы уақытқа дейін Әл-Газзар үшін өмір сүргенін, енді одан кек алуға ниетті екенін айтқан.

Әл-Газзарды ауыл тұрғындары жаралы күйінде тауып алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысқанымен, оны құтқара алмады.

Қылмыскердің де мәйіті ауыл жолынан табылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.