Қалалық қоғамдық-саяси газет

Эпизоотиямен күрес қарқынды жүруде

0 318

Облыстың ветеринария саласына 2024 жылға барлығы 4169,9 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде эпизоотияға қарсы бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен 3491 мың теңге, патогендік агенттермен жұмыс істеген мамандарға 678,9 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
– Мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген ветеринариялық іс-шараларға сәйкес облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық мақсатта 16,4 млн манипуляция және диагностикаға бағытталған 3,2 млн манипуляция орындалды. Зертханалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 325 бас ауыл шаруашылығы жануарлары талаптарға сай санитариялық сойылып, кезең кезеңімен қайта өңдеуге жіберіледі. Жануарлардан алынған қан сынамалары АШЖБ дерекқорында іске қосылған «VetLab» модульі арқылы ветеринариялық зертханаларға жолданып, тексерілуде. Кешенді ветеринариялық іс-шаралардың нәтижесінде 3 ауру түрі анықталған 7 ошақта қолданыстағы заңнамалар аясында аурудың көзін жою мен сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жоспары бойынша жыл басынан барлығы 1,4 млн бас төл бірдейлендіріліп, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорына тіркелді, – деді Әбілхайыр Ғалымұлы баяндамасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.