Қалалық қоғамдық-саяси газет

Эпидемиологиялық жағдай тұрақты

0 196

Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелген болатын. Ал еліміз бойынша бұл көрсеткіш саны өсті. Дейтұрғанымен бүгінде ақ халатты абзал жандардың көмегімен 20 адам емделіп шықты.

Зере ҚУАНЫШ

Облыста індетті жұқтырғандардың жасы 29, 46 және 24 жаста. Коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы Шу ауданында тіркелген, қалған 2 жағдай Қордай ауданында. Барлық 3 жағдай Қырғызстаннан әкелінген.
– ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 Қаулысына сәйкес дер кезінде жұқтырғандардың барлығы бір тәулікке карантиндік стационарға зертханалық зерттеу жүргізумен оқшауланған. Оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жұқтырғандардың барлығы инфекциялық стационарға стационарлық емдеуге тасымалданды. Жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, сонымен қатар байланыста болған адамдар анықталды. Оларды оқшаулау және зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мекенжайы және орналасқан жері бойынша ошақтарда дезинфекциялық өңдеу жүргізілді, – деді облыстың бас дәрігері Марат Жұманқұлов.
Төтенше жағдай кезінде халықтың кейбір санаттарына тегін азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық ұсыну бойынша мәселелерін түсіндіру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов брифингте халық арасында туындаған сауалдарға жауап берді.
– Мемлекет басшысының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 23 наурыздағы отырысында берген тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай кезінде кейбір санаттағы 500 мыңға жуық азамат азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасылардың, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық ұсынылатын болады. Бұдан бөлек, карантин жарияланған аймақтарда азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық АӘК алатын отбасылардың ересек мүшелеріне, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, барлық жастағы I және II топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналарға беріледі, – деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні облыста 6-18 жас аралығындағы балалар саны 21389 адамды құрайды. Азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық – 5647 теңге. 5647 теңге сомасындағы ақшалай қаражат 6 жастан 18 жасқа дейінгі АӘК алушылардың отбасыларындағы тұлғалардың шоттарына аударылады екен.
Ережеде көзделген әлеуметтік төлем шағын және орта кәсіпкерліктің қызметкері болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына немесе жеке кәсіпкерге, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаға төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне шектеулер енгізу салдарынан кірістерінен айырылған жағдайда төленеді.
– Әлеуметтік төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатарынан әлеуметтік аударымдарды төлеушілер өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жүзеге асырады. Әлеуметтік төлем «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін, тиісті қаржы жылына арналған ең төменгі бір жалақы мөлшерінде айқындалады және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне келетін және сол кезеңдегі жұмыс күндерінің санына пара-пар тағайындалады. Бұл орайда қызметкер жалақы сақталмайтын демалысында болғанда, жеке кәсіпкердің, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның қызметі тоқтатылса, осы санатқа кіреді. Ал әлеуметтік төлем жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрыққа сәйкес қызметкер жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан күннен бастап, бірақ төтенше жағдай енгізілген күннен ерте емес және салық заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің, жеке кәсіппен айналысатын тұлғаның қызметі тоқтатылған күннен бастап, бірақ төтенше жағдай енгізілген күннен ерте емес тағайындалады, – деді облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.