Қалалық қоғамдық-саяси газет

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды

0 938

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Исаков Ғалым Исабайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ғалым Исабайұлы 1989 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін («Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», «құрылыс», «қаржы» мамандықтары бойынша) бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс бөлімінің инженері болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс, жобалау жұмыстары, құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.