Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Енді маған жазбаңдаршы»: Дидар Кәден аруларға үндеу жасады

0 680

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден өзіне жазып жүрген аруларға желіде жауап берді. Өнер иесі жақында екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Дидар Кәден Instagram парақшасында өзіне хабарлама жіберіп жүрген қыздарға үндеу жасады. Сазгер оларға өлең шумақтарын арнаған. Онда ол отбасылы екенін айтып, бұдан былай оған жазбауларын өтінді.

«Бойдақ жүрдім қаншама таң, неше кеш? Енді маған жазбаңыздаршы SMS Бас бармақпен жауап жаза алмаймын Себебі, шылдыр шүмек бос емес», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Дидар Кәденнің бұл әрекетіне тәнті болып, оған өз қолдауларын білдірді. Оның өлең жолдары кейбір оқырмандарды күлдіртті. «Дұрыс отбасылы адамға жазбау керек», «Біреудің жанұясына араласатын қыздарды түсінбеймін. Дұрыс, Дидар айтып қой осылай», «Қатырасыз, оларға өлең шығарып жіберіпсіз ғой», «Осы кісі қалжыңды жібереді», «Күлкімді тыя алмай отырм. Күшті жазыпсыз», – деп жазуда желідегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.