2023 жылдың 9-10 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарының және 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында құрылған ауыл шаруашылығы тауар өндіруші кооперативтері, өз кәсібін ашқан жеке кәсіпкерлер қатысуда.
Жәрмеңкеде жалпы құны 168,6 млн. теңгені құрайтын 298,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда.
Атап айтқанда, 33 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой еті), 3,2 тонна тауық еті, 4,0 тонна шұжық өнімдері, 14,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон өнімдері, 10,0 тонна балық, 5,0 тонна бал, 208 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілері өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20% төмен болады.