Елордада жол-көлік оқиғасынан көлік аударылып қалды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
14 тамызда сағат 02:30 шамасында Тұран даңғылымен келе жатқан Toyota Avensis автокөлігінiң жүргізушісі артқы жүріспен Toyota Land Cruiser 150 автокөлігімен соқтығысқан. Соққы алған Land Cruiser жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көліктің 21 жастағы жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.