Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізге, әр украиналыққа тиген шығынды өтейсіңдер – ЗЕЛЕНСКИЙ

0 413

Зеленский халқына жасаған кезекті үндеуінде Ресейге Украина жеріне, әр адамына тиген шығынды өтейсіңдер деді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.

«Ресейдің Украина қалаларына жасаған зымыран-бомбалық соққылары олардың біздің жерімізде басқа ештеңе жасай алмағанын көрсетеді. Қорғаныс шебіміз толығымен сақталды. Стратегиялық бағыттардың барлығында жау нәтижеге жете алмады. Олар басып-жаншылған», – деді Зеленский. 

«Біз әр үйді, әр көшені, қаланы қалпына келтіреміз. Ресейге айтарымыз: репарация мен контрибуция сөздерін жаттаңыздар. Елімізге, әр украиналыққа қарсы жасағанның барлығын өтейсіңдер», – деді ол.

«Бізге қарсы, Украинаның еркін азаматына қарсы қолданбаған қаруларың қалмады. Енді өз арандатушыларыңа Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткендеріңді айтып жатырсыңдар. Естеріңде болсын, миллиондаған адам қарғаған кезде, сендер құтыла алмайсыңдар», – деп қосты Украина президенті. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.