Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде орын алған жағдайға байланысты

0 526

бүгінгі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы халықтың рухын көтеріп, көңілдеріне сенім ұялатуы тиіс деп есептеймін.

Өйткені бұл жағдай тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқанын түсінуіміз керек. Әрине, індет экономикаға үлкен ауыртпашылық салып, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуде. Елбасы өз мақаласында Президент Қ.К.Тоқаевтың дағдарысқа қарсы жасалып жатқан шараларын толықтай қолдайтынын, мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Бүгінгі мақаланың экономикалық мәнінен гөрі тәрбиелік жағы басым екені көрініп тұр.

Қазіргі таңда ұлт саулығы, ұлт қауіпсіздігі маңызды болып отыр. Осы орайда әрбір азамат өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі тиіс. Бұрын да дағдарыстардан бірлік пен ынтымағымыздың арқасында шыққанбыз. Алауыздық пен арандатушылыққа жол бермей, көп еңбектенуіміз қажет. Той тойлап, жайбарақат жүретін кез емес қазір. Қиындықтан белі қайысқан отандастарымызға қамқорлық танытып, бірге болуымыз қажет.

Болашағымыз үшін біз бүгін құндылықтарымызға көз жүгіртіп, асыра сілтеу, мақтаншылық пен көзбояушылықтан арылып, дағдарысқа тезірек бейімделуіміз қажет. Сапалы білім мен ғылымға, саналы ұрпақ тәрбиелеуге мән беретін кез келді. Еңбекқорлық пен қарапайымдылық, сабырлылық пен табандылық қана бізді дағдарыстан алып шығады.

Еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі мен ынтымағы бәрінен де маңызды екенін ұмытпағаймыз! Біз біргеміз!

ЖАНҒАЗЫ МОЛДАМҰРАТОВ,
Дулати университеті жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.