Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде ер басшылардың жалақысы әйелдердікінен 12,4% жоғары

0 391

Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық гендерлік алшақтық 2022» баяндамасының деректері бойынша, Қазақстан гендерлік теңсіздік бойынша рейтингте 80-орыннан 65-орынға дейін көтерілді деп хабарлады turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлердің орташа жалақысы негізгі жұмыс топтарындағы әйелдерге қарағанда едәуір жоғары.

«Мысалы, ер басшылар әйел менеджерлеріне қарағанда орта есеппен 12,4% жоғары жалақы алады. «Кәсіби мамандар» тобындағы әйелдердің көп болуына қарамастан, олардың жалақысы ерлерге қарағанда 29,0%-ға аз. Ең үлкен алшақтық «өнеркәсіп, құрылыс, көлік жұмысшылары» тобына тиесілі, мұнда ерлердің орташа жалақысы әйелдермен салыстырғанда 69%-ға жоғары», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.