Қазақстанда соңғы тәулікте 800-ден астам адам коронавирус індетін жұқтырды деп хабарлады turkystan.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 820 жағдай тіркелген.
«Соңғы тәулікте ауырғандардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 180, Алматы қаласында – 280, Шымкент қаласында – 87, Ақмола облысында – 8, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 67, Атырау облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Жамбыл облысында – 35, Батыс Қазақстан облысында – 7, Қарағанды облысында – 56, Қостанай облысында – 9, Қызылорда облысында – 19, Маңғыстау облысында – 10, Павлодар облысында – 8, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Түркістан облысында 13 адам анықталды», – деп жазды комиссия.
Бүгін 343 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Елімізде барлығы 1 293 899 адам COVID-19-дан емделіп шықты.