Қалалық қоғамдық-саяси газет

Электр сымын ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды

0 209

Қызылордалық полицейлер электр сымдарын ұрлауды кәсіп қылған топты қылмыс үстінде ұстады деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тамыз айының басында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне кәсіпорын басшысы Тасбөгет кенті көшелерінің бірінде белгісіз біреулер көше жарығының электр сымдарын ұрлағандығына арызданған.

«Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының сол жағалауында кабель ұрлығының үстінен түсіп, оқиға орнында күдіктілерді құрықтады. Ұсталған алты күдікті еш жерде жұмыс істемейтін 27-32 жас аралығындағы облыс орталығының тұрғындары екені белгілі болды. Олардың бірі бұрын соңды электр желілерін жөндейтін жұмысшы болып қызмет атқарған. Ол алдын ала электр желісін өшірсе, қалған күдіктілер электр сымдарын ұрлап, автокөліктеріне тиеп отырған», – деп жазады ақпарат көзі.

Ұрылар ұрлықы затты металдарды қабылдау пунктіне өткізіп, түскен қаражатты бас пайдаларына жаратып отырған екен.

Бүгінгі таңда күдіктілердің осы тектес 4 эпизодтық қылмысқа қатыстылығы анықталған.

«Мемлекетке келтірілген материалдық залал есептелуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты тергеу реттілігімен қарай баға берілетін болады», – деп жазады портал.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.