Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елдігімізге сызат түспесін!

0 440

Бейбіт шеруді пайдалана отыра бүлікшілер мен арам пиғылды адамдардың кесірінен экономика мен әлеуметтік топтарға біраз шығындар келгені рас. Еліміздің еңсесі осындай қиын кезеңде де түспеді. Президентіміз барлығын дер уақытында қолға алып, тиісті шешімдерді қабылдады.

Бейбіт шеруде халық тарапынан қойылған талаптар ескеріліп, халықпен санасатын биліктің бар екенін аңғартты. Мемлекет басшысы жаңа Үкіметті жасақтап, ел ойындағы біраз мәселені қозғады. Мысалға, бай мен кедей арасының ақшамен бөлінбей, біліммен бой жарыстыратын заман туу керектігі, жастарға жағдай жасалып, техникалық мамандықтар тереңдетіліп оқытылып, экономикалық тұрғыда арнайы грант бөлінетіндігі, жоғары шенділердің айлығы бес жылға дейін өспей, бюджет есебінен қаражат алатын жұмысшылар табысы өсетіндігі қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болды.

Қорытындылай келе, қазақ жастарының әрдайым ізденіс пен білім үстінде болғанын тарихтан білеміз. Бүгінгі ұрпақ та сол ізді жалғастырып келе жатқаны қуантады. Тек осы жолда менталитет пен айналадағы пікірлердің кедергі болмағанын қадағалап, әрбір жас ұрпақ өзін өзгеге пайдасы тиер саналы ұрпақ сезінгенін қалаймыз.

Отан үшін от кешіп, бейбіт заманда өмірін құрбан еткен құқық қорғау мен әскери қызметте адал борыштарын атқарған азаматтардың, бейбіт шеруде оқыс жағдайда қаза тапқан жандардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз!

Біздің күшіміз-бірлікте екендігін ұмытпайық!

Айгерім Қырықбай,

М. Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  “Бизнес экономикасы” мамандығының 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.