Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елдің күші – халықтың бірлігінде

0 55

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Елдің күштілігі – халықтың бірлігінде: қазақ, қырғыз халықтарының мәдениетімен танысу» тақырыбында кеш  өтті.
Көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен татулығын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған кешке «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев, жеке кәсіпкер Айсалқын Күлешова, Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының ұлағатты ұстазы, Халықаралық ұстаздар Одағының мүшесі, «Б.Момышұлы» және «Қазақстан патриоты» төсбелгісінің иегері Айжан Мырзахметова, Н.Тілендиев атындағы облыстық, республикалық байқауының жүлдегері, мәдениет майталманы, үздік ұстаз Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі, композитор Айман Орманова, «Ақжол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Абдусаттарова қатысты. Осындай бауырластық пен достықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кеште қырғыз-қазақ руханиятындағы баға жетпес мұралары туралы келелі әңгіме өрбіді.
Мерекелік кеште Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының оқушылары Алуа Әбденбек, Гүлсая Талқа домбырамен ән шырқап, №3 мектеп-лицейінен Әділхан Ибраһим және Бейсеналы Нұрбұлан қырғыз күйін орындап, №55 мектептің «Шұғыла» би тобы қазақ биін билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.