Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елде сары май 15 пайызға қымбаттады

0 471

Биыл Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 12,6%-ға төмендеп, бағасы 15% қымбаттаған деп хабарлады turkystan.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша сары май бағасы Маңғыстау облысында күрт қымбаттап, жыл басынан бері 29%-ға өскен.

Жалпы, ел бойынша қаңтар-шілде аралығында 13,9 мың тонна сары май өндірілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12,6 пайызға кем. Қаңтар-мамыр аралығында отандық өндірушілер сары майға деген сұраныстың 71 пайызын қамтамасыз етті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 83,6% болды. Нәтижесінде импорт бірден 83,5%-ға артты.

Шілде айының қорытындысы бойынша, тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 пайызға, бір жылда 17 пайызға өскен. Жыл басынан бергі өсім 14,7%-ды құрады.

Тұздалмаған сары майдың елдегі орташа бағасы килограмм үшін 3,3 мың теңге шамасында. Ірі қалалар ішінде Павлодарда біркелі май бағасы 2,7 мың теңге, ал Атырауда 4,3 мың теңгеге жетті.

Жыл басынан бері бағаның шарықтауы Маңғыстау облысында тіркелді, баға бірден 29%-ға артты. Екінші орында – Шымкент қаласы (26,7%) мен Жамбыл облысы (26,4%) тұр. Ал Нұр-Сұлтан (3%) қаласы мен Алматы (5,6%) және Павлодар (7,2%) облыстарында баға біртіндеп көтеріліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.