Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ел тәуелсіздігі жолындағы алғашқы қадам

0 265

Біздің еліміз үшін 25 қазан – тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Бұл маңызды құжатта алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, елімізді мекен еткен этностар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттары бекітілді.
Осынау мереке қарсаңында баршаңызды айтулы мейраммен құттықтаймын!
Ұлы Даланы киелі мекен еткен Отандастарыма берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілеймін. Бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, Еліміз — Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Бірлігіміз бекем болсын!

Гулам Умаров,
ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.