Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел дамуының тежегіші

0 624

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі қоғамды қатты алаңдатуда. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне де зиянын тигізеді. Ал онымен күресу – баршамыздың алдымызда тұрған ортақ міндет.

Жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда не істеу керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуды еліміздің әрбір азаматы борышы ретінде ұғынғаны жөн.

Гүлнұр Ділдәбек,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Конвергентті журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.