Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел абыройын асқақтатқан спортшылар ректормен кездесті

0 2  421

Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Әлемдік додада бақ сынап, жүлделі ІІІ орынды иеленген спортшылармен кездесті. Грекия мемлекеті Халкида қаласында өткен Каратэ-до Шотоканнан Әлем чемпионатында Дулати университетінің студенттері Сұлтан Сметов, Нурлан Жұмамұратов, Ахат Маманов, Мейірім Сағындықова – ІІІ орынды иеленген.

Спортшылармен кездесу барысында М.Қазыбекұлы студенттерге алғысын білдіріп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
– Биылғы жылы университет спортшыларының халықаралық, республикалық, әлемдік додаларда жеткен жетістіктері өте көп. Біз үнемі айтатын Дулати университеті – «Спортшылар ұстаханасы» деген сөзіміз бүгін тағы бір рет айғақталды. Оған ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазір қаншама біздің түлектеріміз осы саланың бетке ұстарына айналған. Ендігі мәселе, студенттердің тек материалдық тұрғыда ғана емес, көңіл күйлерінің жайлы болуын қамтамасыз етуіміз керек. Жарыс барысында сабақтар мен басқада мәселелерді ойламауы қажет. Осы тұрғыда жаттықтырушылар мен жетекшілеріне үлкен жұмыс атқару тапсырылады. Біздің жастар бұл белдесулер арқылы еліміздің спорт саласының әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде,- деді университет ректоры Мұхтар Байжұманов.

Тартысты болған кездесуде спортшыларымыз дене жарақаттарына қарамай, жүлделі орынға ие болған. Әлем және Еуропа чемпиондарымен бәсекеге түскен жастар өздерінің нағыз шебер екендерін тағы бір дәлелдеді.

Аталған студенттерімізді Дулати университетінің Қауымдастырылған профессоры, ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Махамбетов Ерік Оралбекұлы жаттықтырып даярлап келеді.

Айта кету керек, осыған дейін студенттеріміз Әлем чемпионы және Еуропа чемпионы атанған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.