Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экстремизмнен келетін қатердің алдын алу

0 334

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады.

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әртүрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез келген қоғам мен мемлекетке тән.
Қазақстан Республикасының басқару тәртіптері мемлекетіміздің Ата Заңы Конституцияда белгіленгендік-тен, ол талаптар қоғамның әрбір мүшесі тарапынан орындалуы тиіс. Дін әуелі әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады.
Діннің негізгі мақсаты – адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әртүрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отыру қажет.

Б.Танабаев,
Тараз қаласы полиция басқармасының экстремизге
қарсы бөлімінің бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.