Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экстремизммен күрес жүйелі жүргізілуде

0 301

Бүгінде қалада терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында ілкімді істер қолға алынуда. Айталық, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында қала әкімінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №111-ө өкімімен 5 қалалық ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Топтардың құрамына қала әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, білікті дінтану, теолог пен психолог мамандар, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қала имамдары, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы сынды 27 адам енгізілген. Бүгінде іс-шаралар жоспарына сәйкес, жоғары сынып оқушылары, жастар, шағын және орта бизнес саласында, мешіт жамағаттарымен, шет аумақтың тұрғындарымен 40 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 мыңға жуық адам қамтылды.
Аталған кездесулерде ақпараттық материалдар таратылып, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 17 кездесу, 6 дөңгелек үстел және 1 ақпараттық материалдар топтамасы таратылып, 1 056 жас қамтылды.

Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.