Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экстремизмің алдын алу жұмыстары қарқын алуда

0 378

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жастар мен жасөспірімдердің діни экстремистік идеялар ықпалына түсуін болдырмау мақсатында білім мекемелерінде кешенді іс-шаралар атқарылып келеді.

Мектептерде оқу жыл басында білім алушылардың отбасына, әлеуметтік жағдайына т.б. мәселелерге қатысты әлеуметтік паспорт әзірленеді. Соның ішінде түрлі діни ағымдарды ұстанып жүрген оқушыларға қатысты талдау жұмыстары да жасалынып, ақпараттар базасы жинақталады.
Оқу жылы барысында «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы негізінде «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» деген тармақ ата-аналар мен оқушылардың назарларына әрбір жиналыстарда тұрақты түрде түсіндірілуде.
Жастар мен жасөспірімдердің сонымен қатар, педагогтердің діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің дін істер басқармасының теолог мамандарымен ағымдағы жылдың 3 айында 41 дәріс сабақтары өткізіліп, 15 кездесу ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстарына 15451 оқушы, 241 педагог қамтылды.
Сондай-ақ, Тараз қаласында діни экстремизм көріністерінің алдын алуға және оны болдырмауға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған №2-ші ақпараттық-түсіндіру тобы жалпы білім беретін мектептерде кездесулер ұйымдастырып келді. Бүгінгі күні 19 білім нысанында аталған бағытта жұмыстар атқарылды. Ақпараттық топ құрамында білім бөлімінің басшысы сондай-ақ, ТарМУ-дің аға оқытушысы Алпысбаев Бахтияр, Тараз қаласының ішкі саясат, теолог мамандары қамтылған.
Осы тақырыпта әзәрленген деректі фильмдер мен қысқа метражды роликтер мектеп оқушыларына сондай-ақ, олардың ата-аналарының назарына ұсынылып, ақпараттық-ағарту жұмыстары да қатар жүргізілді.
Бұл жұмыстар әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып отыр. Бүгінгі күні Тараз қаласының білім бөлімі мен облыстағы Дін проблемаларын зерттеу орталығы «Дін және қоғам» тақырыбында бірлескен қысқа метражды 5 ролик әзірледі.
Бүгінгі күні жастар арасында білместікпен немесе толық зерттемей болашаққа қадамды Шет елдің діни оқу орындарына түсуден бастайтын үлкен проблема бар.
Бұл бойынша оқу жылының соңында яғни, сәуір-мамыр айларында Шет елге оқуға кетуге ниеттілерді анықтау мақсатында бөлімге қарасты барлық 61 мектептің 9,11 сынып оқушылары арасында сауалнама және сұхбат негізде анықтау шаралары жүргізіледі.
Сұхбат барысында өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен Дін істері басқармасының мамандары Республикамызда рұқсат етілген, лицензиясы бар Діни оқу орындары туралы ақпараттар беріледі.
Жалпы ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысымен жастар мен жасөспірімдерге діни экстремистік идеялар ықпалына түсуін болдырмау мақсатында кешенді жұмыстар одан әрі қарай жалғасын таба беретін болады.

Раушан Қожамжарова,
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.