Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екпе егу басталды

0 251

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияға дайындық шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Вакцина егу бірінші болып «қызыл аймаққа» кірген өңірлерде жүргізіледі екен. Пневмонияға шалдыққандар бойынша науқастар саны 946-ға жетсе, жуырда ғана КВИ бойынша 24 жағдай тіркеліпті. Олардың ішінде 2581 науқас симптоммен, 2913 науқас симптомсыз дертті басынан кешірсе, 5101 азамат сауығып шығып, 63 өлім оқиғасы тіркелген.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін жалпы 254673 тұлғаға КВИ-ге зерттеу жүргізілсе, оның ішінде 5494 оң, 249179 теріс нәтиже көрсеткен. Апталық өсім бойынша соңғы апта ішінде облыста КВИ көрсеткіші 152-ге жетіпті.

Бүгінге дейін 40 маман арнайы дайындықтан өтіп, екпе жасалатын 575 арнайы бөлме әзірленіпті. Сондай-ақ шалғайдағы ауыл тұрғындарын вакциналау үшін 10 ауданда жылжымалы бригада жасақталыпты. Облыс бойынша 18 бен 64 жас аралығындағы 600 мыңға жуық адамға вакцина салынбақ. Олардың бір бөлігіне ресейлік, екіншісіне отандық «QazCovid-in» вакцинасы салынатын болады. Екпе ерікті түрде, кезең-кезеңмен жүргізіледі. Еске салайық, вакцина 18-ге толмаған балалар мен жүкті әйелдерге салынбайды.

– Облыс тұрғындарына вакцинаның 2 түрі, ресейлік «Спутник V» және өзіміздің отандық вакцина егілетін болады. Облыс бойынша 18-64 жастағы 659 722 тұрғын бар. Оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартулар ескеріледі. Ақпан айында бірінші партиямен Ресейдің «Спутник V» вакцинасымен 5000 тұрғынды, наурыз-маусым айлары аралығында 95 000 тұрғынды вакциналау қолға алынса, қалған 493 700 облыс тұрғынына отандық вакцина салу жоспарға енгізілген. Жалпы тұрғындарды вакциналаудан өткізу үшін қажетті көлемде вакцина мен шприцтерді алуға 2,5 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп жоспарлануда. Облыстың медициналық ұйымдарының қолданыстағы егу пункттерінің базасында КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу үшін басқармамен жергілікті бюджет қаражаты есебінен көлемі 180 литрлік 20 дана мұздатқыш камераларды 9,8 млн теңгеге және 35 термоконтейнер 3,7 млн теңгеге сатып алуға өтінім берілді, – деді брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Бүгінде аймақта науқанға дайындық қызу жүріп жатыр. Облыстағы ауруханаларда 1200 инфекциялық, оның ішінде 145 реанимациялық төсек қоры жұмыс жасауда. Республика бойынша 18 бен 64 жастағы тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.