Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екпе алуды естен шығармайық!

0 315

Жыл басынан бері Тараз қаласы бойынша коронавирус індетінің 11 603 жағдайы тіркелсе, пневмонияға 2173 адам шалдыққан. Кеселге қарсы шаһарда 165 880 тұрғын екпе салдырса, бұл халықтың 69,3 пайызы.

Сала мамандары карантин жеңілдетілгеннен кейін екпені есінен шығарғандар көп екенін айтады. Бүгінгі таңда облыс орталығының тоғыз емханасы және аудандарда коронавирусқа қарсы он екпе кабинеті жұмыс істеуде.
– Екпе – бұл адам ағзасына енген кезде қорғаныш антиденелер шығаратын арнайы медициналық препарат. Тірі вирусқа тап болғанда, бұл антиденелер күресуге қабілетті, сол арқылы аурудың алдын алады. Вакцина аурудың алдын алудың ең сенімді, тиімді шарасы, яғни вакцина емдемейді, бірақ қорғайды. Ал бүгінде біз халықты вакцинациямен мүмкіндігінше қамтып, сол арқылы иммунитет қалыптастыра алсақ, коронавирустың таралуын тезірек тоқтатамыз. Бұл бізге аурушаңдықты, нәтижесінде өлімді азайтуға мүмкіндік береді. Екпе әдеттегі өмір салтымызға оралуға мүмкіндік береді, – дейді медбике Алтын Абдулаева.
Сондықтан екпе салуды естен шығармайық!

Зере ҚУАНЫШ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.