Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екпе алу екпінді жүргізілуде

0 1  954

Облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 26 693 жағдайы, пневмонияның 8568 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылдың 22 ақпанындағы ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда (1163 төсек-орын) – 227 (төсек-орындар 20%-ға толтырылған), оның ішінде 31 науқас реанимацияда (126 төсек-орындар 25%-ға толтырылған) ем қабылдауда.

Карантиндік стационарларға 81 тұлға (170 төсек-орындардың толуы 48%) орналастырылған. 13 зертханада (тәуліктік қуаттылық – 5130) жалпы тәулігіне шамамен 2800-3000 ПТР зерттеу жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша 23 АМСК ұйымдарында 45 егу пункті бар, олардың ішінде 16-сы қалада, 29-ы аудандарда орналасқан.
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 261 580 доза «QazCovid-in» – отандық вакцина (130 790 адамға), 421 795 доза «Спутник V» вакцинасының 1-компоненті және 383 260 доза 2-компоненті, 60 000 доза (30 000 адамға) «Хаят Вакс» вакцинасы келді, 34 000 доза (17 000 адамға) «КоронаВак» вакцинасы, 139 000 (69 500 тұлғаға) арналған «Vero Сell Синофарм» вакцинасы келді. Жалпы өсіммен 637 018 тұлға 1-ші компонентімен, оның ішінде 75 692 тұлға отандық, 421 795 тұлға «Спутник V», 29 911 тұлға «Хаят Вакс» вакцинасымен, 17 000 тұлға «КоронаВак» вакцинасымен және 69 500 тұлға «Синофарм» вакцинасымен екпе алды. Оның ішінде 17 812 (2,8%) медқызметкерлер, 29 019 (4,7%) білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 13 685 (2,2%) арнайы күш қызметкерлері, 6577 (1,1%) мемлекеттік қызметкерлер және де 568 536 (89,5%) басқа да тұлғалар. 2-ші компонентімен өсіммен 613 623 тұлғаға екпе жүргізілді. Ревакцинациядан 161 803 адам өткен.
«Пфайзер» вакцинасының 1-компонентімен – 109 769 адам қамтылған (бұл 139 230 адамның 78,8%-ы), 2-компонентімен – 62 777 адам. 7231 доза 1-турына және 2-тур 54 223 доза «Пфайзер» вакцинасы қалды. Оның ішінде 97 777 жасөспірім, 3118 жүкті әйел және 8874 бала емізетін әйел егілді.

Арайлым ШАБДЕНОВА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.