Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалар қатар жүруі керек

0 469

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып шықтым. Онда Мемлекет басшысы еліміздегі түрлі оқиғаларға байланысты өзекті мәселелерге тоқталған.
Соның ішінде Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары туралы да әңгіме орынды қозғалған. Аталған реформаны жүзеге асыру барысында барлық жауапкершілік Президенттің мойнына артылатыны рас. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы батыл қадам жасап, Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдануға ұмтылдырады деп есептеймін. Себебі, әлемдегі экономикалық ахуал біздің елге де салқынын тигізетіні сөзсіз. Алайда кез келген қиындық жаңа мүмкіндікке жол ашады. Үкіметтің жел қайдан соқса да желкенді өзіне оңтайлы бұра алатындай, жан-жақты ойластырған жоспары болуға тиіс. Экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалар қатар жүруі керек.
ҚР азаматы ретінде мен үшін Президент көтерген аса маңызды мәселе – халықтың банктерге қарыз болу деңгейінің артуы болды. Бүгінгі таңда Президент азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдайтынын айтып, аталған жағдайды оңалту үшін кешенді шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді. Олардың қатарында «Қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы» Жарлық пен «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң бар. Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керектігін айтып, борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленгенін де тілге тиек етті. Осындай ауқымды шаралар аясында бұл бағыттағы түйткіл де өз шешімін табады деп сенемін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.