Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экономика мен құқық – ел дамуының тірегі

0 235

Қазіргі кездегі еліміздегі ахуалға, саяси және экономикалық реформаларға қарай азаматтық қоғамның қалыптасуы мен жаңаруына байланысты тиісті салалардың кәсіби білікті мамандарын заман талабына сай даярлау мәселесі алдыңғы қатардағы міндеттердің біріне айналды.

Осыны ескере отырып, өңірдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті еңбек нарығының сұраныстарына қарай әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша көптеген маманды даярлап келеді. Болашақ мамандарды оқыту ісіне біздің «Экономика және құқық» факультеті елеулі үлес қосуда.
«Экономика және құқық» факультеті 2020-2021 оқу жылының айының 26 қазан күні «М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» КЕ АҚ институттар/факультеттер мен кафедралар құрылымын оңтайландыру туралы» бұйрығы бойынша «Заң» факультеті мен «Экономика және бизнес» факультеттерінің бірігіуі негізінде құрылған. Факультеттің деканы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Асылбекұлы Ернишев.
Қазіргі таңда «Экономика және құқық» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамында бірқатар ғылым докторы, ғылым кандидаттары мен магистрлері қызмет атқарады. Сонымен қатар бұрын өндірісте, мемлекеттік қызметте, қаржы саласында және құқық қорғау органдарында қызметте болған не қазіргі кезде қызмет атқарып жүрген тәжірибелі мамандар қосалқы жұмыс істейді. Мысалы, құқық бағыты бойынша факультет оқытушылары Қазақстан заңгерлер одағына және Қазақстандық заң консультанттарының палаталасына мүшелік етеді.
Біздің факультетіміздің түлектері бүгінде қоғамнан өз орнын тауып, елі үшін еңбек етіп келеді. Айталық, біздің мақтанышымыз М.Қарабаев – ҚР Көлік министрі, Н.Календеров – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ұ.Сламбекова – Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Г.Байқұлова – Жамбыл облыстық сотының судьясы, Г.Бегимбетова – Тараз қалалық №1 сотының судьясы, С.Бүркітбаев – Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры болып қызмет етуде.
«Экономика және құқық» факультетінің басты мақсаты – аймаққа қажетті құқықтық және экономикалық білім беру арқылы білім алушылардың заман талаптарына сай бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға, тарихи, ұлттық дәстүрлерге негізделген тұлғалар ретінде тәрбиелеу, білім саласындағы ұлттық рейтингінің жоғары деңгейдегі жетістіктеріне жету, заман талабына қабілетті, білікті кадрлар даярлауға, құқықтық және экономикалық ғылыми зерттеулерге, цифрлық экономиканы құқықтық реттеу жүйесін құруға, цифрлық технологияларды қолдануға қатысу және жұмыс берушілерді қатыстыра және олармен келісе отырып, өңірге қажетті кәсіби мамандарды даярлау.
Бүгінде факультет құрамында мамандар даярлайтын 6 кафедра бар. Осы орайда факультетте оқытылатын мамандықтарға қысқаша тоқталып кетсек. Ежелгіден пайда болған заң (құқық) саласы ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Сол кезден бүгінгі күнге дейін мемлекеттің қалыптасуына және дамуына зор үлес қосатын мамандықтардың бірі – заңгер. Қоғам мен адамдар арасындағы қарым-қатынас барда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қолдау көрсете алатын заңгер мамандығы әрқашанда сұранысқа ие болады.
Заңгер – практикалық қызметпен айналысатын құқық саласында жоғары білімі бар маман. Өз өкілеттігі шеңберінде ол жеке немесе заңды тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнаманың нормаларын қолданады.
Факультетімізде құқық бағытында 6В04211-«Қылмыстық құқық және процесс», 6В04212-«Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық», 6В04213-«Азаматтық құқық және процесс» және 6В04214-«Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі. Оқуын аяқтаған соң, осы білім беру бағдарламаларының түлектері әртүрлі құқық салаларының кәсіби мамандары болып шығады.
Заңгер мамандығының 4 ерекшелігі бар. Айталық, қызметтік мансап құру үшін жақсы мамандық саналатын құқықтану – мансаптық мүмкіндіктер бойынша жетекші салалардың бірі. Ол теорияны нақты практикада қолданады, мықты заңгер тек заңдарды біліп қана қоймай, ең алдымен оларды іс жүзінде әр жағдайда қолдана білуге, клиенттердің мүдделері үшін құқықтық нормалардағы қайшылықтар мен олқылықтарды тауып, оларды реттеуге тиіс. Сонымен бірге заңгер үшін икемді болу өте маңызды. Қатаң кәсіби бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін адамдарға даму және сұранысқа ие болу үшін үнемі оқып, білгенін есте сақтап, заңнамадағы өзгерістерді зерттеп, дағдыларын жетілдіріп тұруға тиіс әрі жұмысында жан-жақты болу өте маңызды. Бұл мамандық адамдармен тығыз қарым-қатынасты қамтиды, сондықтан психологияны білу және келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктерді қолдана алатын болу керек.
Бүгінгі таңда құқық бағыты бойынша мамандар жұмысының негізгі бағыттары мынадай: құқық қорғау органдарындағы (полиция, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік орагандары), министрліктердегі (ведомстволар, агенттіктер, департаменттер, комитеттер), әкімдіктердегі, сондай-ақ сот органдарындағы мемлекеттік қызмет және адвокаттық, нотариалдық, сот шешімдерін орындаушылық, заң консультациясын жүргізу, кәсіпорындардағы заңгерлік және өзге қызметтер.
Факультетте білім алушыларды өндірістік практикадан өтуін қаматамасыз ету үшін жұмыс берушілермен өзара әркеттесуге байланысты меморандумдар мен келісімшарттар жасалған. Атап айтқанда, Жамбыл облысы Полиция департаментімен, Жамбыл облысы Әділет департаментімен, Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Бүгінде факультетіміздегі экономика бағытында 6В04112-«Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі, аудиті және салық салу», 6В04112-«Бизнес менеджменті», 6В04114-«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04117-«Қаржы», 6В04118-«Бизнес экономикасы», 6В04128-«Менеджмент», 6В04149-«Мемлекеттік қызметтерді басқару», 6В11111-«Туристтік бизнес», 6В11114-«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі.
Экономика саласының мамандары әрқашанда сұранысқа ие болатыны бәрімізге мәлім. Себебі экономика адам тіршілігінің барлық жағын қамтиды. Қаржы-ақша қатынастары қоғамның дамуында, мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлік пен бизнесте – барлық қызмет түрлерінде басты рөл атқарады. Экономист пен қаржыгер мамандықтары әр түлекке қаржы және экономикалық қызмет саласында жұмыс істеуге, сондай-ақ осы қызықты және перспективасы бар салаларда білікті маман болуға және ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл мамандықтардың аясында математика, экономика, халықаралық экономика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, кәсіпкерлік және өзге де пәндер бірігіп, әмбебап, жан-жақты дамыған түлекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Болашақ мамандар белсенді, шығармашылық, кәсіби және әлеуметтік қызметке, коммерциялық, қаржылық, әкімшілік және басқа да басқару функциялары шеңберінде практикалық міндеттерді сапалы орындауға даярланады. Сол үшін «Forte Bank» АҚ ТФ, «First Heartland Jusan Bank» АҚ ТФ, «KazFruitsLine» ЖШС, «Металлконструкция және резервуарлар зауыты» ЖШС секілді бірқатар кәсіпорынмен келісімшарттар жасалған.
Бүгінде кәсіпкерлік пен бизнес саласына туризм мен мейманхана, мейрамхана ісі мамандықтарынында тікелей байланыс бар. Елімізде туризм мен мейманхана ісі енді дамып келе жатқан, перспективасы мол салалар болып есептелсе, ал мейрамхана ісі кең тараған бизнес түрі саналады. Дегенмен де, осы аталған салаларды дамытып және олардың сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін әлі де көп жұмыс атқарылуға тиіс. Мұның барлығы, әрине білікті мамандардың қажеттілігін талап етеді. Ал Қазақстанда бұл салалар болашақта алдыңғы қатарға шығуға тиіс.
Еліміздегі және өңірдегі туризм мен мейманхана, мейрамхана ісі мамандарын дайындау үшін факультетімізде барлық жағдайлар жасалған. Бізді білікті мамандар дәріс оқиды, өндірістік тәжірибелерден өту орындарымен келісімшарттар жасалған, дәрісханалар тиісті жабықтармен қамтамасыз етілген, ғылыми потенциалын дамыту және оқу-әдістемелік жұмыс сапасын арттыру мақсатында отандық және шетелдік әріптестермен байланыс орнатылған. Олардың қатарында «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ, «Samisi Sayyon plus» ЖШС (Өзбекстан Республикасы); «Жарнама Міх» ЖШС, «Қызылорда санаторий-профилакторийі» ЖШС, «Zhanros Drilling» ЖШС, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Marven Tour» ЖШС қатарлы серіктестіктер бар.
Ерекше тоқталуды қажет ететін маманыдықтар – менеджмент пен мемлекеттік жергілікті басқару. Әлемдік экономиканың жаһандануының қазіргі жағдайында еңбек нарығында басқару туралы жүйелі көзқарасы бар мамандарға деген қажеттілік күн сайын артып келеді.
Менеджмент мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының басты мақсаты – қызметтің түрлі салаларын басқаратын мамандарды даярлау. Менеджерлер еліміздегі барлық қызметтің салаларына қажет. Олар нарықтың өзгеретін жағдайларына бейімделе алады, клиенттердің қажеттіліктерін талдай алады, бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін таба алады. Осы мамандықты меңгерген адамға кез келген компанияда, кәсіпорында лауазымға ие болуына мүмкіндік беріледі. Менеджер тиімді шешімдер қабылдайды, шешімдердің практикалық орындалуын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына жауап береді. Бұл мамандықтың түлектері тек экономика, қаржы салаларында емес, меншіктің құрылу нысандарына қарамастан кез келген ұйымдарда жұмыс істей алады. Білім алушылар өндірістік практикаларын «Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ, «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбыл металл конструкциялары зауыты – Имсталькон» ЖШС, «Жамбыл су» МКК, «QazaqGaz» ұлттық газ компаниясы және тағы басқа орындардан өндірістік тәжирбеден өтеді.
Ал мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы еңбек нарығында мемлекеттік қызмет саласында қызмет ететін білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер басқарушылық лауазымдарды атқара алады, орталық және жергілікті билік органдарының экономистері мен менеджерлері, мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, өндірістік компаниялардың, холдингтердің, қызмет көрсету кәсіпорындарының менеджерлері ретінде жұмыс істей алады. Кәсіби қызмет объектілері – Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппараты, ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері, экономика және қаржыны басқару органдары, жергілікті басқару органдары, ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар.
Білім алушылардың өндірістік тәжірибелерден өтуін қамтамасыз ету үшін бірқатар мекемелермен келісімшарттар жасалған. Айталық, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімімен, қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен, облыс бойынша тексеру комиссиясымен, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасымен байланыс орнатылған.
Сонымен қатар факультетімізде жоғары оқу орнынан кейін магистратураның білім беру бағдарламаларыда бар. Олар – 7М04111-«Мемлекеттік қызметтерді басқару және әкімшілік ету» (2 жыл), 7М04115-«Қаржы» (2 жыл), 7М04117-«Бухгалтерлік есеп және аудит» (2 жыл), 7М04119-«Экономика» (2 жыл), 7М04120-«Менеджмент» (2 жыл), 7М04122-«Мемлекеттік қызметтерді басқару және әкімшілік ету» (1 жыл), 7М04130-«Менеджмент» (1 жыл), 7М04131-«Іскерлік әкімшілік», 7М04131-«Жобалық менеджмент», 7М04211-«Құқық қорғау саласындағы заңгер», 7М04212-«Құқықтану» (2 жыл), 7М04213-«Құқықтану» (1 жыл). Осы бағдарламалар бойынша оқыған білім алушылар ғылым магистрі академиялық дәрежесін алады.
Білім берумен бірге факультетте ғылыммен айналасуға арналған 6 студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелер жылда ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі. Әр кафедра білім алушылардың қасуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университетте және одан тыс ғылыми байқауларға оқытушылар мен білім алушылар жиі қатысып тұрады. Сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыстар орнатылған. Олардың ішінде Қырзғыстан, Ресей Федерациясы, Болгария, Германия және Беларусь қатарлы елдер бар. Осы мемлекеттерге білім алушылар мен профессор-оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламаларының аясында шетелде білім алуға және тағылымдамадан өтуге бара алады.
Жалпы әр оқыту траекториясы мен болашақ мамандарға оқытылатын пәндер тізімі еңбек нарығының талаптары мен жұмыс берушілердің тілектерін ескере отырып өзгеріп тұруы мүмкін. Ол үшін университет әлеуетті жұмыс берушілердің мекемелері мен ұйымдарында факультетіміздің филиалдарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ болашақ құқық пен экономика бағытының кадрларын даярлау сапасын жақсарту үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасаған.
Қорытындылай келе, заңгерлер мен экономисттерге сұраныстар, олардың кәсіби өсуі және жоғары жеке табысы мәселесі әрқашан жеке белсенділікке, белсенді жұмысқа, клиенттер мен қызмет салаларындағы белсенді ізденуге, белсенді оқуға, мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл мәселесіне байланысты болады. Мұнымен тоқтап қалуға болмайды, уақыт өте келе кейбір қоғамдық қатынастар тоқтайды, бірақ жаңа қатынастар пайда болады, олар міндетті түрде құқықтық және экономикалық реттеуді талап етеді және бұл жұмысты жүргізу үшін заңгерлер мен экономисттер әрқашанда қажет болатыны анық.
Қазіргі мамандар нарықпен және бизнеспен бірге дамып, заңнаманы және құқықтық қатынастарды құруды жетілдіріп, тұтастай алғанда құқықтық, экономикасы жоғары мемлекет құруға және оны ары қарай дамытуға ықпал етеді.

Асқар ҚАДЫРҚҰЛОВ,
«Экономика және құқық» факультетінің кәсіптік бағдар жұмыстарына жауапты
аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.