Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Екі жасар балаға күрделі ота жасалды

0 190

Алғаш рет Тараздағы Кардиохирургия және трансплантология орталығында екі жастағы баланың жүрегіне кардиостимулятор орнатылды.

Сәбидің жүрегі минутына небәрі 42 рет соққан. Бірден ауыр халдегі бала шұғыл ауруханаға жеткізілген. Оның үстіне сәбиде гидроцефалия, тырысқақ синдромы және мидың даму ақаулары да болған. Соған қарамастан, дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында бала аман қалды.

Кардиохирургия және трансплантология орталығының дәрігерлері балаға III дәрежелі AV-блокада диагнозын қойып, шұғыл түрде екі камералы кардиостимулятор орнатуға шешім қабылдаған. Күрделі ота сәтті өтті. Отадан кейін баланың жүрек соғысы 110-ға дейін қалыпқа келген. Осы ретте ота МӘМС шеңберінде тегін жасалғанын айта кетейік.

Тиісті ем-домын алған бала қазір анасымен бірге үйіне шығарылған. Қазір жағдайы жақсы, жергілікті емхананың тікелей бақылауына алынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.