Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі жақты келісімге қол қойылды

0 552

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен кездесті.

Басқосу барысында әкімдік пен компания арасында байланыс пен интернетті дамыту бойынша өзара ic-қимыл жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
– Бүгінде Тараз қаласының аумағы кеңейіп, халық саны көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде сапалы интернетке деген қажеттілікті арттырып отыр. Әсіресе, шаһар аумағына қосылатын елді мекендер мен «Ұлы дала» шағын ауданы секілді жаңадан бой көтеріп келе жатқан аумақтарда бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан аталған Меморандумның маңызы өте зор, – деген Бақытжан Әмірбекұлы компанияны бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Келесі кезекте «Қазақтелеком» АҚ филиалы ЖДБ Жамбыл ҚЖПД-ның директоры Болат Кишибаев меморандум аясында қаладағы 700-ден аса абонентті сапалы ғаламтормен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.