Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі спорт алаңшасы есігін айқара ашты

0 232

Бүгінде бұқаралық спортты дамыту бағытында аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Әсіресе қала көлемінде спорт алаңшалары ашылып, ел игілігіне берілуде. Астана күнінің 25 жылдығына орай тараздықтарға тағы екі футбол алаңшасы тарту етілді.

Менделеев көшесінің 3-бұрылысы, №13 мекенжайындағы футбол алаңшасының ашылуына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қатысып, көпшілікті Астана күнімен және жаңа спорт алаңшасының ашылуымен құттықтады.
Бұл күні «Ұлы дала» ықшамауданы, №33, №34, №35 үйлердің ауласында да кіші футбол алаңшасы елге есігін айқара ашты.
Айта кетейік, Менделеев көшесіндегі спорт алаңшасының құрылысын «Жасыл ел» мердігер компаниясы жүргізген. Футбол алаңшасының көлемі – 20м*40м.
«Ұлы дала» ықшамауданы, №33, №34, №35 үйлердің ауласындағы кіші футбол алаңшасының көлемі болса, 20м*40м (800 м2) құрайды.
Спорт алаңшаларын ашудағы негізгі мақсат – Тараз қаласы тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту. Осы ретте қала тұрғындары мереке қарсаңында толайым тартуға шексіз алғыстарын білдіруде.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.