Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Екеуіне бердік қой төрт баланы»: Төреғалидің ұлына арнаған өлеңі елді күлдірді

0 1  277

  Төреғали Төреәлі ұлына өлең арнап, елді күлдірді. Әнші жыр шумақтары арқылы кенжесінің өзіне ғана тиесілі екенін жеткізген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігіStan.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Балажанмын, білмеймін неге ондаймын?!
Баламды Толқынға да бере алмаймын.
Бақыт баспалдағымен, бала саны
Жоғарылаған сайын жоғарылаймын.
Ұл-қызымды менен де қатты сүйген
Осы күн ата-анамды көп ойлаймын.
Бала қанша болғанмен бауыр етім
Ата-әженің мейірімін жеңе алмаймын.
Екеуіне бердік қой төрт баланы
Осы бала өзіме, деп ойлаймын», -деп жазды Төреғали желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары өнер иесінің отбасылық суретіне де, өлеңіне де тәнті болып, жылы тілектерін жаудырды.

«Енді осы баланы өз еншіңе алып, бақытты болып жүре беріңдер», «Күшті», «Ата-әжелерінің реніші жоқ шығар, ендігі балалар өздеріңдікі болсын», «Бақытты болыңыздар», «Керемет, бағалаған адамға бақ қонады деген осы шығар. Берекелі жансыз, ұл-қызыңыздың қызығын көріңіз», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Төреғали мен Толқынның үш қыз, екі ұлы өсіп келеді. Үйдің кенжесі Төре Мұхаммед Әли биыл маусым айында дүниеге келген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.