Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Эйзидан гөрі Әміремен жарасады»: Ерке Есмаханның әріптесімен түскен суреті қызу талқыға түсті

0 843

Әміре сахналық әріптесі Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялаймын деп жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қос жұлдыз Атырауда өткен кештердің бірінде кездесіп, фотоға түскен. Фанаттар Еркенің белінен құшақтап тұрған Әміренің бұл қылығынан астар іздей бастады.

Олардың бір тобы фотоны A.Z көрмесін деп дабыл қақса, екіншілері Азаматтан қарағанда, Ерке мен Әміренің жарасымды жұп екенін атап өткен.

«Мынаны Эйзи көрмесін», «Эйзи белінен ұстадың деп бәле қылмасын», «Неге құшақтап тұрсың деп Азамат қызғанып жүрмесін», «Әпкең болса, белінен ұстап қайтесің», «AZ-дан гөрі Әміремен жарасады екенсіз», – деп жазды оқырмандар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.